"ПетроОйлҚазақстан" басшылығына қатысты экономикалық факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысында "ПетроОйлҚазақстан" ЖШС-нің басшылығына қатысты экономикалық факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметінен.


           Ақпаратқа қарағанда, компания басшылығына 2013 жылдың мамыр-маусым айларында газойл деп, Өзбекстанға 1 мың тонна көлемінде АИ-80 маркілі бензин әкетті, деген күдік келтірілуде, сол арқылы аса ірі мөлшердегі контрабандаға жол берілген.
           Тергеу жүргізілуде.