«ПетроОйлҚазақстан» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды


Қаржы полициясы баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, қылмыстық іс экономикалық контрабанданы жүзеге асырды деген күдік бойынша қозғалған. Компания басшылығы 2013 жылғы мамыр мен маусым аралығында газойль түрінде жасырып, Өзбекстан Республикасына 1 мың тонна көлемінде АИ-80 маркалы бензинді алып шыққан деп айыпталуда.