Бір қызығы Петропавлдың әкімдігі де митинг өткізуге рұқсат бере қойыпты. Шенеуніктер де облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Ратмир Усманов жазықсыз деп ойлаған болса керек. Ол кәсіпкерден 10 мың доллар алғаны үшін 6 жылға сотталған болатын. Экс-шенеуніктің туыстарының бұлайша даурығуы тегін емес. Апелляциялық соттан жеңілген олар енді кассациялық соттан үміттеніп отыр.
Суфия Усманова , Ратмир Усмановтың анасы:
-Қаржы полициясы менің ұлымның сөзі жазылған таспаны монтаждаған. Салдарынан ақшаны қарызға алдым деген сөздердің бәрі өшіп қалыпты. Бізде досыңнан қарыз алғаның үшін де соттайды. Бұл әділетсіздік!
Loading...