Caravan Logo

Петропавл әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылды

Петропавл әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылды

Прокуратураның хабарлауынша, Алматы қалалық сотының аппеляциялық сот алқасы биылғы жылдың қыркүйегінде СҚО Қаржы басқармасының әуежай акциясының 60 пайызын мемлекет меншігіне қайтарып алу туралы шағымын қанағаттандырған болатын.

«5-қарашада «Құнды қағаздарды тіркеу жүйесі» АҚ сот шешімін толығымен орындады. «Altyn Estate» ЖШС есеп-шотынан құны 22 млн теңгені құрайтын 22 мың дана акция әуежай шотына аударылды», делінген хабарламада.