Петропавл ауыр машина құрастыру зауытында өрт болды

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрт сағат 11.05-те сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 36 адамы мен 7 техникасы, ҚР ТЖМ «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының 5 адамы мен 1 техникасы, «ЮУЖД» ВПК-ның 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

150 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.