Петропавл оқушылары роботты техника бойынша фестивальға өз әзірлемелерін ұсынды

Шараны «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-мен бірлесіп Петропавл қаласының әкімдігі ұйымдастырды. Форумға Петропавл, Қостанай, Тараз, Қарағанды, Астана қалаларының үздік роботты техникалары қатысуда. Барлығы 11 команда, бұл - 56 оқушы.

«Форум «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналды. Роботты техника  - қазақстандық ІТ технология саласындағы технологиялық дамудың басым бағыттарының бірі және үлкен келешегі бар. Бұл сала қазір сұранысқа ие», - деді шарада Петропавл әкімінің орынбасары Елена Балло.

Форумға халықаралық деңгейдегі роботты техника бапкері Пет Найду қатысуда. Ол Қостанайда Назарбаев зияткерлік мектебінде 3 жылдай жұмыс істеп келеді. Бұған дейін Араб Әмірлігінде робот техникасымен айналысқан. Енді бұл саланы  Қазақстанда дамытуға үлес қосуда.

«Мектеп оқушыларын осы салаға тарту қажет. Петропавлға роботты техника қалай дамып жатқанын, оқушылардың деңгейін байқауға келдік. Бұған мемлекетті, тәжірибелі инженерді ғана емес, балаларды да тарту қажет», - дейді Пет Найду.   


"Robo Expo" фестивалі 5 номинация бойынша өтуде. Жеңімпаз есімі 15 мамырда белгілі болады. Кубок иегері Астанада қыркүйекте өтетін республикалық конкурстың қатысушысы атанады.