Петропавл тұрғыны әйелдер зорлығына қатысты бейнебаян түсірді


Петропавл қаласының тұрғыны әйелдерге қатысты жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсылығын білдіріп, музыкалық клипті жарыққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавл тұрғыны Ксения Шембергер туындының авторы және орындаушысы. «THE DOLL», яғни «қуыршақ» деп аталатын музыкалық клипті көрермен назарына ұсыну үшін ол жеті жылын жұмсаған екен. Оның ойын жүзеге асыруға Н.Погодин атындағы орыс драма театрының актерлері қолдау көрсетіпті. Бүгінде дайын өнім әлеуметтік желіде жұртшылық назарына ұсынылды.