Анвар Файзулин, шебер:
- Сарай, қамал болып шықты. Әркімнің өз қиялы бар. Көрген адамдар оларды Таиландта, кітапта, ғаламторда көргендерін айтады. Таң қалады. Маған да ұнайды. Әкесінің ермегіне баласы елікті. Руслан Файзулин де тас, кірпіш, темір-терсек біткенді жинап, оларға жан бітіреді. Шеберлер сарайларын барынша шынайы етіп салуға тырысқан. Тіпті мұнара, көпір, қақпаларына дейін айнытпай жасаған.
Руслан Файзулин, ұлы:
- Кішкентай кезімізде Александр Дюманың шығармаларын оқып, мушкетер болғымыз келетін. Өзімізді ханшайымын қорғаған ханзада сезінетін едік. Бұл әр баланың арманы. Қазір де солай. Өз сарайым, үйде өз сұлуым бар. Әкесі мен баласы шағын Еуропасын жасыл желекпен көмкерді. Бүгінде мұнда шырша, қарағай, балқарағай секілді қылқан жапырақты ағаштар тамыр жайған.