Петропавл вокзалында нашақор полиция қызметкерін соққыға жықты

Петропавл қалалық теміржол вокзалының Желілік полиция бөліміне жеткізілгенде, Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны Петропавл қалалық ЖІІБ криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілінің мұрнын бұзды. Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, медициналық куәландыру қорытындысы бойынша, ер адам ұсталған кезде есірткілік мас күйінде болған, синтетикалық каннобиноидтар (спайс) және опиоидтар (зертханалық дәлел кезінде) қолданғандығы анықталды. 


Аталған факті сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты зорлық қолдану) бойынша тіркелген.

Ұсталған ер адам Петропавл қалалық ІІБ-ның уақытша оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.