Петропавлда 70-тен астам сарбаз астан ұшынып қалды

Қызулары көтеріліп, іштері өткен сарбаздардың алғашқысы дәрігерге кешке кешкісін шағымдана бастаған. Таңға дейін олардың саны жетпістен  асыпты.  Барлығы былтыр әскер қатарына шақырылған 18 бен 19 жас аралығындағы жігіттер. Мамандар олардың тамақтан ұшынуы мүмкін деген жорамал жасап отыр. Кеше түсте сарбаздар сорпа мен палау жеген екен. Қазір әскери бөлімдегі асхананы санитар-эпидемиологтар тексеруде.       


Ақиқат Жұмаханов, 66/37 әскери бөлімінің командирі:

- Әзірге диарея деген диагноз. Тоқтатылды, бәрі жақсы.  Дәрі бергенен кейін бәрі дұрысталды. Дәрі бәрі жеткілікті. Дәрігерлердің бәрі осында.