Петропавлда 8 наурыз қарсаңында шенеунік әйел парамен ұсталды

33 жастағы шенеунік қалалық жер қатынастары бөлімінде 8 жылдан бері түрлі қызметтерді атқарған. Ал бөлім басшысы болып былтыр тағайындалыпты. Мемлекеттік қызмет агенттігі қызметкерлерінің айтуынша, олар келіншектің бұрыннан бері жүйелі түрде пара алып жүргенін біліп, ұзақ уақыт бойы аңдыған. Осы жолы да шенеунік кәсіпкерден жер құжаттарын тезірек рәсімдеу үшін пара дәметіпті. Динара Сағынова дәл 8 наурыз күні абақтыға қамалды. 

Loading...