Петропавлда 84 жастағы тыл ардагері адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр

Ғайникамал әжей құлағалы тұрған мына үйде жалғыз тұрады. Үйдің жартысы осыдан бірнеше жыл бұрын өртенген екен. Сол жолы көрші қолаң жиналып, қарияның үйін жамап-жасқап беріпті.

84 жастағы Ғайникамал Ахметшина  - еңбек ардагері. Тұрмыста болғанымен құрсақ көтермепті. 22 жыл бұрын шалы қайтыс болған. Содан бері жалғыз. Туыстарының қолына барғысы жоқ.

Ғайникамал Ахметшина, еңбек ардагері:

-Қайда барамын өзінің отбасы бар. Ол балалар қолында тұрады. Екі еркек баласы қолында тұрады. Әйелдері қабылдамайды.

Қазір кейуананың аяғы жүрмейді, көзі көрмейді. От жағып, үй жылытуға да қауқарсыз. Қолдары күс, киімі лас. Ара-тұра бас сұғатын танысы бір мезгіл ыстық тамақ әкеледі екен. 

Надежда Архипова, Петропавл қаласының тұрғыны: 

-Жуынуға шамасы келмейді. Үйі суық, су жоқ. Бұл жерде жуыну мүмкін емес. Бұрын моншаға баратын, жанары сөнгелі одан да қалды.

Әжейдің ауыр жағдайынан жуырда ғана хабардар болған шенділер біздің көзімізше қарияның тұрып жатқан үйін қарап шықты. Халін сұрап, не көмек керектігін білді.


Әлима Бекназарова, Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері:

- Биыл ол жеңістің 70 жылдығына мерейтойлық медаль алады. Оған қоса 25 мың теңге әлеуметтік көмек бар. Ас-суына қарайласып тұратын қызметкер тағайындаймыз. 

Ғайникамал әжей тың игеру жылдары вагонға бидай артып, жүк тасымалдаушы болған екен. Бейнетінің бар зейнеті - айына алатын 30 мың теңге ғана. Бірақ оны жаратудың өзі мұң. Баспанасы бар болғасын оны ешкім пәтер кезегіне қоймаған. Ал қарттар үйіне баруға үзілді-кесілді қарсы болып отырған кейуана жалғыз арманын жасырмады.   

Маған туалеті болсын, суы болсын, бір жылы орын болсын. Сол басқа керегі жоқ ештеңе керегі жоқ. 

Loading...