Петропавлда 9 миллион теңгеге салынған «ақылды аялдамалар» жабылып қалды

Новосібірде жасалған аялдамалар жазда салқындатқыштары болмағандықтан жабық тұрған. Енді Қызылжарға қыс келсе де, оны қайта іске қосуға асығып жатқан ешкім жоқ. Аялдамалардың әрқайсының құны 9 миллион теңге. Жыл басында атқамінерлер шахардың әр шетіне осындай 9 аялдама орнатамыз деп соққан. Алайда онысы екеуден әріге аспады. Енді сол екеудің өзі жабық тұр. Шенеуніктер мұны аялдамаларды жетілдіріліп жатқанымен байланыстырады.

Азат Бейсембин,
Петропавл қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
 

-Былтыр бұл аялдамалар инфрақызыл сәулелермен жылытылған. Биыл жылыту жүйесі өзгертіледі. Ғаламтордың қолдану аясы кеңейтілмек. Бір сөзбен айтқанда, аялдамалар қайта жөндеуден өтіп жатыр. Бұл жұмыстар аяқталса болды, аялдамаларды қайта ашамыз. 

Loading...