Петропавлда анасы аяусыз сабап тасаған үш жасар қыз көз жұмды

Петропавлда анасынан оңбай таяқ жеген үш жасар қыз аураханада көз жұмды, деп хабарлайды Caravan.kz меди порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлім етті.

Балақай 17 қаңтарда ессіз күйде ауруханаға жеткізілген. Үш жасар бүлдіршін осы уақытқа дейін комада жатқан. 27 ақпанда қыз есін жимаған күйі көз жұмған.Анасының не себепті бұндай қатігездік әрекетке барғаны әзірге белгісіз.

Еске салайық, бұған дейін
22 жастағы келіншек
өз баласын аяусыз сабаған деген күдікке ілнген. Қазір ол абақтыға қамалған. Тергеу амалдары "Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана нұқсан келтіру" бабы бойынша жүргізілуде.