Петропавлда ақша ұрлаған қаскөйлер оңай олжасына героин сатып алған

Олар бар ақшаны жаратып үлгеріпті. 36 және 25 жастағы сыбайластардың екеуі де нашақор. Героинге ақша таппағандықтан осы қылмысқа барған. Олардың бетперде киіп, балта және темірмен қаруланып жасаған шабуылы бақылау камерасына түсіп қалған болатын. Соны мұқият зерттеген тәртіп сақшылары бұрын істі болған бір күдіктіні жазбай таныған. Енді қылмыстары дәлелденсе, қаскөйлер он жылға дейін сотталуы мүмкін. Әзірге олар ештеңені мойындамай отыр.  

Loading...