Зәресі ұшқан тұрғындар бірден полицияға хабар берген. Дабыл түсе сала оқиға орнына жылжымалы криминалдық зертхана мен бірнеше патруль көлігі келіп жетті. Полиэтиленге оралған жасанды мүсін екені белгілі болса да, полицейлер нағыз сараптама жасаған. Мамандар алдымен оны суретке түсіріп, содан кейін кесіп құрамын зерттеді. Сырт киім мен шалбарға мақта, шүбереқ қалдықтарын нығыздап салып, тіпті, аяғына шұлық кигізіп қойған. Ал бастың орнында бір кесек гипс тұр. Полицейлер мүсінді айғақ зат ретінде тәркіледі. Ал жұрттың зәресін алғандар іздестіріліп жатыр.