Петропавлда автобус жүргізушісі бойжеткенді қағып кетті


«26 мамырда шамамен сағат 18-де Мир-Партизанская көшелерінің қиылысында автобус жүргізушісі 1994 жылы туған қала тұрғынын қағып кетті.  Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.  Тергеу кезінде болған оқиғаның мән-жайы мен жол-көлік апатына кінәлі адамдар анықталады», - делінген хабарламада.