Балығы қырылып жатқан тоған суы осы. Жағалай саяжайлар орналасқан. Ал көбіне су бетіне кәдімгі мөңке қалқып шығыпты. Бұл балық негізі оңайлықпен уланбайды екен. Қырылған балық ішінде алабұға мен шортан да бар. Осы екі тоғаннан маңайдағы 3 мыңға жуық саяжайшы бақша суарады. Жұрт енді есіктерінің алдынан қазған құдықтан су алуға қорқып отыр.
Александр Горбатюк:
-Жер асты сулары бір- бірімен байланысады ғой. Сонда құдықтан қалай су ішеміз. Ала жаздай еңбегіміздің жемісін күзде қалай жейміз? Уланып қалсақ, кім жауап береді?
Дабыл қаққан саяжай иелері бұл жерге экологтарды, санитар мамандарды шақырған. Соңғылары күні кеше ғана судан түрлі сынамалар алыпты.
Ережеп Жаңатаев, СҚО орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясының бастығы:
-Балықтың бәрін, анализге жібергенбіз . 4-5 күннен кейін белгілі болады ғой.
Мамандардың болжамынша, балықтар бұл тоғанға былтыр көктемде Есіл суы тасығанда түскен. Кейін су беті қайтқанда, терең емес көлшікте қыстап қалған балық оттегі жетпей қырылуы мүмкін. Дегенмен, тұрғындар сараптама қорытындысын күтіп отыр. Бұл жерге бау-бақша салу, салмаулары да соның нәтижесіне байланысты болмақ.
Loading...