”Петропавлда болдым”: Қазақшасы судай Франция азаматы туристерді таңғалдырды (ВИДЕО)

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Франция азаматына Қазақстан, атап айтқанда Қостанайдан Еуропаға көлікпен барған азаматтары кездесіп қалған. 11 мың шақырымды басып өткен қазақстандық туристерге Франция азаматы “ойбай, қиын болмады ма?” деп сұрақ қояды. “Қиын болды” деп жауап береді туристер. 

Франция азаматы бұрын Қазақстанда 16 жыл бойы жұмыс істегенін айтады.

– 16 жыл болдым. Петропавлда, Алматыда болдым. Франциядамыз. Жақсы сапар болсын, – дейді әлгі азамат.

Желідегі пікірлерде шетел азаматын қазақ тілін білгені үшін мақтап жазып жатыр.