Петропавлда дизель отыны тапшы

Дизель отынының тапшылығы осыдан 10 күн бұрын сезіле бастапты. Қазір жағдай тіпті ушығып барады. Жолаушы тасымалдайтын автобустар күнде кешкісін жұмыстан кейін қала аралап жанармай іздеуге мәжбүр. Онда да    бекеттер тапшы тауарды тек талонмен сатып жатыр. Мамандардың айтуынша, Павлодар мұнай зауыты белгісіз себептермен қазан айында бұл өңірге бір жарым мың тонна отынның орнына тек 120 тоннасын жөнелткен.


Александр Иванищев, Кәсіпкерлік және туризм басқармасы бастығының  міндетін атқарушысы:

- Облыстық әкімдік Мұнай және газ министрлігіне хабарлады. Содан кейін ғана Павлодар мұнай өңдеу зауыты қалған отынды жеткізуге келіскен. Қазір мен алған мәліметке сенсек, дизель отыны құйылған цистерналар Петропавлға бет алған. 3-4 күнде жағдай реттелуі тиіс.