Әсіресе, ескі ағаштар дауылдың екпініне шыдамады. Қала көшелері сынған бұтақтардан көрінбейді. Кеше ғана өңірде 20 градус ыстық еді, бүгін сынап бағаны небәрі 7 градусты ғана көрсетіп тұр. Қатты жел қаладағы қысқы бақтың шатырын да жұлып әкеткен. Оның бір бөлігі сол маңнан өтіп бара жатқан мына көлікті зақымдапты.
Аслан Құрымбаев, Петропавл қаласының тұрғыны:
-Келе жатыр едім, көлігіме қатты соққы тиді. Дыбысынан құлағым тұнып қала жаздады. Әрі қарай ұшқан шатырдың бір бөлігі кетіп бара жатқан екі адамға тие жаздады.
Loading...