Петропавлда энергетиктер жылу электр орталығын жөндеуге 2 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта Петропавл халқының жылу энергиясына қажеттілігі толығымен қанағаттандырылып отыр. Жылу энергиясын өндірудің соңғы 5 жылдағы қысқы ең жоғарғы шегі 581,8 Гкал-сағатты құраған. Ал станцияның жылу қуаты 760 Гкал-сағатқа тең.

Баспасөз қызметі жөндеу жұмыстары кестеге сай екенін қазан айының ортасына таман аяқталатынын атап көрсетті. Соңғы рет Петропавлдың еінші жылу орталығында мұндай жұмыс көлемі 20 жыл бұрын жасалыпты.