Петропавлда елді телефон арқылы сан соқтырған алаяқтар іздестірілуде


Алданған әйелдің ұялы телефонына алғашқыда жалпы сомасы 360 мың теңге болатын қымбат сыйлық ұтып алғаны туралы смс келген. Артынша хабарласқан жігіт әйелге сыйлықтарды алу үшін 40 мың теңгеге телефон карталарын сатып алу керек деп түсіндіріпті. «Бұл ақша лейкемия дертіне шалдыққан балаларды емдеуге қажет» деп сендірген. Ақшасының осындай қайырымды іске жұмсалатынына риза болған әйел алаяқ берген телефон нөмірлеріне 40 мың теңге салған. Қазір тәртіп сақшылары арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін балалар қорының атын жамылған күдіктілерді іздестіріп  жатыр.