Петропавлда емшіні өлтірді деп күдік келтірілген үш адам ұсталды


ұстады, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Мәдина Балғашұқова.
Оның ақпаратына қарағанда, пышақтан жарақат алған 57 жастағы әйелдің денесін туысқандары пәтерінен 6-қаңтар күні тапқан. Үйінен алтын бұйымдар, ноутбук, ұялы телефон жоғалып кеткен.
Күдіктілер екі күннің ішінде анықталды, олар 21-23 жастағы жігіттер болып шықты.
Ұсталғандар қазір Петропавлда ІІБ изоляторда отыр.
«Тергеу бірқатар керекті сараптамаларды белгіледі”, деді ол.