Петропавлда ең қымбат мейрамхана өртенді


Қайта, тілсіз жау мейрамханаға іргелес тұрған мешіт, салық пен ұлттық қауіпсіздік комитеттерінің ғимараттарына жеткен жоқ. Өрт кешкі сағат сегіз кезінде мейрамхана шатырынан шыққан. Оны сөндіруге жүзге жуық адам жұмылдырылды. Құтқарушыларға қаланы сумен қамтамасыз ететін мекеменің көліктері де көмек берген. Жалын 4 сағаттай бой бермей, ақыры мейрамхананың жартысы жанып кетті.