Петропавлда ескі гаражды бұзып жүрген әйел үйінді астында қалды

Қайғылы оқиға 1-шілде, бейсенбіде болған. Қаза тапқан әйелдің отбасы қалалық сүт зауыты маңындағы ескі гараждардың ғимаратын жалға бұзып жүрген. Сол жердегі төрт гараждың шатыры бір уақытта құлаған.

Н.Ковганның айтуынша, отбасы жұмысқа кіріскелі небәрі екі күн өтіпті. Адамдарды жұмысқа жалдаған кәсіпкер әрбір бұзылған кірпіш үшін 1,5 теңге төлеуге уәде берген көрінеді.