Петропавлда гаражда шыққан өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды

Министрлік ақпаратына сәйкес, өрт 18-сәуірде 20 сағат 59 минутта шыққан. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер аты-жөні беймәлім екі адамның мәйітін тапты.

Жалын 21 сағат 15 минутта ауыздықталды. Өрт аумағы 3 шаршы шақырымды құрады.