Петропавлда «Hamрton by Hilton» қонақүйінің құрылысы басталды

 Капсула салу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қатысты.

Қонақүй ғимараты 7 қабаттан тұрады, оның 5-еуіне 122 нөмірді, мәжіліс залын, фитнес орталық және мейрамхананы орналастыру көзделуде, ал төменгі 2 қабаты   сауда дүңгіршектері мен супермаркет үшін пайдаланылады.

 Бұл жобаны іске асыру СҚО-да ауқымды шараларды өткізу кезінде қонақтарды көптеп орналастыру мәселесін шешуге мүмкіндік туғызады деп күтілуде.  

«Жобаны мәскеулік сәулетшілер дайындады, оның құны 300 млн ресей рублін құрайды»,-деді инвестор Дмитрий Кошелев.

Инвестор «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасын пайдалануды көздеуде.


Құрылыстың біту мерзімі - 2016 жылғы қыркүйек.