«Қалыптасқан жағдайға байланысты СҚО ТЖД шұғыл ден қою шараларын қабылдады. Көліктегі апаттың алдын алу мақсатында 2016 жылғы 23 ақпанда сағат 20.00-ден бастап көліктің барлық түрлері үшін барлық бағыт бойынша СҚО автожолдарында қозғалыс шектелді. Бұл шешім туралы хабарлама Петропавл қаласы, облыс аудандарының басқару органдарына, ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларының назарына жеткізілді», - делінген ТЖД хабарламасында.
Сондай-ақ жарақаттануды болдырмау мақсатында 24.02.01 ж. Петропавл қ. 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайтын болды.
ТЖ алдын алу жағдайды бақылау мақсатында СҚО ТЖД-де жедел штаб құрылды, жұмыс түнге дейін жалғасты.
23 ақпанда өткен тәулікте Шал ақын, Ғ. Мүсірепов, Айыртау, Тайынша аудандары мен Петропавл қаласында жолдарда көктайғақ салдарынан 6 жағдай тіркелді, көліктерге көмек көрсетілді.
Қабылданған шаралар арқасында төтенше жағдайдың алды алынып, ешкім зардап шекпеді.
Көлік қозғалысына 24 ақпан таңертеңгі сегізде рұқсат етілді.