Петропавлда мас полицей жол апатына себепкер болды

Ал камераға түсіп қалғанын байқаған тәртіп сақшысы дереу полковниктің кителін шешіп, оқиға орнынан қашып кетпек болыпты. Тек оқиға куәгерлері  бұған жол бермеген. Шенді полицейдің удай мас болғаны сонша, тілі күрмеліп, өзінің кім екенін де жарытып айта алмады. Кейін оның Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің басқарма бастығы Владимир   Зиборов екені анықталды. Қызметте ерекше көзге түскені үшін ол биыл мерзімінен бұрын полковник шенін алған болатын.    


Мәдина Балғашоқова, СҚО ІІД баспасөз хатшысы:

- Жол көлік оқиғасы бойынша ішкі істер департаментінің басшылығымен қызметтік тергеу жүргізу тағайындалды. Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тергеу жүргізілуде. Қызметтік тергеудің нәтижелері бойынша шешім қабылданады.