Петропавлда маскүнемдер мен нашақорлар жаппай қамалып жатыр


- Гришин,жолдас былтыр есірткі шегіп арақ ішіп рөлге отырғаныңыз үшін ұсталғансыз.  

Мына 38 жастағы азамат наркологиялық диспансерде есепте тұрса да, көлік тізгінен түскен емес. Судьяны алдаймын деген ойынан түк шықпаған ол 20 тәулікке қамауға алынды. Өзі сияқты 57 жастағы Қызылжар ауданының тұрғыны да сол күні темір торға тоғытылды. Мас күйде көлік жүргізген оның құжаттары  әлдеқашан жарамсыз болып қалған екен.