Бұл спорт сайысына Қазақстанның 11 қаласынан келген спортшылар қатысады.
Бәсеке алдында жас спортшыларды қарсы алған облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов мемлекеттің спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға көп назар аударатынын айта келіп, қатысушыларға сәтті ойын мен жеңіс тіледі.
Спартакаданың алдын ала ойындары үш күнге созылады, оның қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған командалар финалға шығып, медаль үшін бәсекеге түседі.
Жарыстың бүгін өтіп жатқан екінші күні - шешуші, оның қорытындысы бойынша финалға шыққан командалар белгілі болмақ.