1-қараша, дүйсенбіде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров жаңа қоныстанушыларға пәтерлердің кілтін табыс етті. Бұл коммуналдық үйде соғыс және еңбек ардагерлері, ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль апатының зардабын жоюға атсалысқандар, мүгедектер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері тұратын болады.