Петропавлда монополистердің бір- біріне қарыз болуы кесірінен бірнеше тұрғын үй судан қол үзгелі отыр

Сейсенбі күні энергетиктер қаладағы көп қабатты 13 үйдің насосты станцияларына электр қуатын беруді тоқтатады.

Оған қаланы сумен қамтамасыз етуші "Петропавл су" АҚ мекеме алдындағы берешегі себеп.

Қарыз көлемі 20 млн.теңгені құрайды. Бірнеше мәрте келіссөз жүргізіліп , ескерту жасалғанымен, тіпті мәселе қалалық әкімшілік деңгейінде қаралғанымен еш нәтиже шықпады.

"Аксесс-Энерго"ЖШС баспасөз қызметі хабарлағанындай, компанияның айналымдағы қаражатының жетіспеуі жылу және электр желілерін жөндеу жұмыстарын тоқтатуы мүмкін , сондай ақ алдағы жылу беру маусымында 2-ші Жылу электр орталығына қажетті отынды дайындау жұмыстарына кедергі келтірмекші.

Насосты станцияларға электр қуатын беру күнделікті таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 21-ге дейін тоқтатылды.