Бұл – еліміз бойынша салынған осындай 18-ші мектеп. Алайда мамандар тек Қызылжарда құрылыс барысында талай қиындықтарды бастан өткердік дейді. Алғашқы жоба бойынша құйылған іргетас жауынды жазда үгітіле бастаған. Сөйтіп, білім ошағының жаңа жобасын жасауға бір жарым жылдай уақыт кетіпті. Енді, міне, 700 орынға шақталған мектеп әрең дегенде ашылды. 3 жарым миллиард теңгеге салынған ғимараттың құрылысы 13 айдың орнына үш жарым жылға созылыпты.
Шыңғыс Риаханов, «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚ құрылыс дирекциясының директоры:
-Мемлекеттік сараптамаға кірдік және қосымша инженерлік- геологиялық жұмыстардан кейін осындай іргетасты өзгертуге шешім қабылдадық. Уақыт созылды, бірақ бұл уақыт балалардың қауіпсіздігін және бүкіл ғимараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде салыстыруға келмейді.
Loading...