Петропавлда облыстық жастар форумы өткізіледі

"Біз "Жас Отан" жастар қанатын нақты жұмыс істейтін жастар саясатының орталығына айналдыруымыз керек. "Жас Отан" жастар ұйымдарын біріктіріп қана қоймай, жастар қозғалыстарының көшбасшысы болуы қажет. Бұл мақсаттарға арналған жастар форумы 29 сәуірде өткізіледі ", - деп хабарлады С. Білялов.

Сонымен қатар, С. Білялов хабарлағанындай, мемлекет басшысының тікелей тапсырмасын орындау үшін, "сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу жұмыстарын жандандырып, оған жалпы халықтық қозғалыс сипатын беру керек. Партия халықпен тиімді байланысты орнату мақсатында қоғамдық қабылдау жұмыстарына үлкен көңіл бөлу керек ".