Петропавлда онкодиспансердің жаңа ғимараттары ашылды

Соңғы 10 жылда Солтүстік Қазақстан облысы қатерлі ісік дертіне шалдыққандардың саны бойынша алдын бермейтін өңірлер санатына қосылды. Осыған байланысты қазіргі заманғы онкологиялық орталықтың құрылысын салу басымдық берілген міндетке саналған. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұровтың тапсырмасы бойынша мақсатты бағдарлама жобасы жасалып, ол бір жылда жүзеге асырылды. Онкодиспансердегі құрылыс-жөндеу жұмыстарына арналған 120 млн. теңге биылғы жылдың басында облыстық бюджеттен бөлінді. Бұл қаржыға бір корпус қайтадан жөнделіп, екіншісі жаңадан салынды.

Ғимараттардың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Т.Мансұров қатерлі ісік дертінің алдын алу және емдеуге бұдан былай жете көңіл бөлінеді деп сендірді. Атап айтсақ, 21-желтоқсанда облыстық мәслихаттың сессиясында 2005-жылға арналған облыстық бюджетті бекіту барысында қатерлі ісік детіне шалдыққан науқастардың проблемасын шешу мақсатына қаржы бөлу көзделген.