Эвакуацияланған тұрғындардың ішінде қарттар мен елуге жуық сәби болған. Оларға жылынып алу үшін арнайы автобус шақыртылды. Ал бомба қойылды деген үйді саперлар мен кинологтар итпен бірнеше сағат бойы тінтіді. Алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Араға бір сағат салып «телефон лаңкесі» де анықталды. Он жасар қыз күзгі демалыста іші пысқаннан осындай бұзықтық жасағанын айтуда. Енді қызының осы қылығы үшін ата-анасына бір миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін.