Петропавлда өрт салдарынан төрт үйдің тұрғындары баспанасыз қалды

Ауыздықтауға төтеп бере қоймаған тілсіз жау екі үйді толығымен жалмап, тағы екі үйге ақау келтірді. Өрттің себептері әзірге анықталған жоқ.

Өртті сөндіру жұмысына мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 50 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды. Өрт алғаш тұтанған сәттен бастап 11 сағаттан кейін әзер сөндірілді.