Петропавлда пара алды деген күдікпен полиция офицері ұсталды

Полиция майоры ұрлыққа қатысы бар бір күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен босату ақысы ретінде өзінің жұмыс бөлмесінде 1600 доллар мен 40 мың теңге алып жатқан жерде қолға түсті.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Пара алу жөніндегі" 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдікті уақытша тергеу абақтысында отыр, тергеу амалдары жүргізілуде.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл - пара алуға қатысты жыл басынан бері ашылған екінші дерек.