"Шенеунік жылжымайтын мүліктің барлық құжаттарын жылдам рәсімдеп беру қызметіне 4 мың теңге сұраған", - деп атап көрсетті департаменттегілер.
Белгіленген ақшаны шұғыл қызметкерлер жылжымайтын мүлік орталығы маманының қалтасынан тапқан. Пара беру оқиғасы бейнетаспаға жазылып алынған. "Оқиғаның жай-жапсары анықталуда және қылмыстық іс қозғау жөніндегі мәселе шешілуде", - деп хабарлады арнайы қызмет өкілдері.