Петропавлда полицейлер босанған анаға автобесік сыйлады

Олар құны 8 мың теңге тұратын жабдықты жергілікті автомектептің ақшасына сатып алыпты. Полиция қызметкерлері алдымен айы-күні толып отырған аналардың басын қосып, оларға арнайы құрылғының маңызын және оны көлікке қалай орнатуды түсіндірді. Одан кейін салтанатты түрде перзентханадан шыққалы жатқан Арай Жетпісоваға автобесік сыйлады. Екі қыздан кейін ұлы Мансұрды дүниеге әкеліп отырған келіншек балабақшада тәрбиеші болып істейді екен. Тосын сыйлыққа риза болған отбасы шақалақты бірден автобесікке таңды.

Арай Жетпісова,  Петропавл қаласының тұрғыны:

-Үлкен балаларға креслоларды алдық. Енді кішкентай балаға мынадый сыйлық қабыл алып жатырмыз, өте жақсы, қуаныштымыз.   

Loading...