«Полицейлер Петропавлдағы базарлардың бірінде орналасқан сауда дүңгіршегінде әйел адамды өлтіргені үшін күдікті деп танылған оның жұбайын ұстады. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адамның айтуынша, олар ұрсысып қалған», - делінген хабарламада.
Адам өлтіру фактісімен 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлімімен сот алдындағы тергеу басталды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.