Петропавлда қаржы полициясының экс-басшысы өзін не үшін өлтірмек болғанын түсінбеді

Тергеушілердің болжамынша, тапсырыс берген адам талай жылдан бері Нұрлан Шабдарға кек сақтап келіпті. Алайда Мәскеулік киллерлер бірнеше рет Петропавлға келіп, Нұрланды аңдығанымен, ақыр соңында оны орынбасарымен шатастырып алған. Сөйтіп, бастығы емес, қапыда орынбасары қаза табады. Бұл болжамды Нұрлан Шабдар сотта естіген. Өзі кектенетіндей оның отбасымен ешқандай байланысым болған емес,- деп отыр. 

Нұрлан Шабдар, куәгер:

-Бізді шатастыратындай  түріміз ұқсамайды ғой. Марқұм мұртты жігіт болатын. Менің мұртым жоқ. Алайда бұл тергеушілердің ресми жасаған болжамы.  Анық-  қанығы сот барысында белгілі болатын шығар.