Caravan Logo

Петропавлда қоғамдық көлікте жол жүру құны қымбаттайды

Петропавлда қоғамдық көлікте жол жүру құны қымбаттайды

Енді автобустар мен бағыттық автобустарда жол жүру билеті 50 теңге болады. Ал әзірге автобуспен жол жүру ақысы 35 теңге, ал бағыттық автобустарда жүру құны 40 теңге болып тұр.

Троллейбус билетінің бағасы да қымбаттайды, қазір ол 30 теңгені құраса, дүйсенбі, 18 шілдеден бастап 40 теңгеге көтеріледі.

Жолаушы тасымалдаушылар тарифтің көтерілуін соңғы үш жыл ішінде автокөлік құралына қажетті қрал-саймандардың қымбаттауымен түсіндіреді.