Петропавлда қымбат велосипед қымқыратын ұры ұсталды

35 жастағы күдікті екі дөңгелекті транспорттарды подьездер мен дүкен маңдарынан ұрлап келіпті. Кейін шаһардың өзге ауданына алып шығып,  көшеде кезіккен жандарға арзанға ұсынып отырған. Қолға түскен сәтте оның үйінен 15 осындай велосипед пен бір скутер тәркіленді. Осы қылмысы үшін 5 жылға сотталуы мүмкін. Сондай- ақ, тәртіп сақшылары ұрланған дүниелерді сатып алғандарды да қылмыстық жазаға тартамыз дейді. 

Loading...