Бірнеше жерден пышақталған 35 жастағы әйелдің мәйіті 21-ақпан күні көп қабатты үйдің кіреберісінен табылған.
Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Мәдина Балғашықованың айтуынша, аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен осы өңірде тұратын 31 жастағы тұрғын құрықталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
П.Афанасьевтің сөзіне қарағанда, бұрын СҚМУ-нің заң факультетінде білім алған күдікті 9 жылдан бері әйелдің ізіне түскен көрінеді.
«Жұма күні, қылмыс жасалардың алдында, ол оқытушыны іздеп кафедраға келген», - деді П.Афанасьев.