Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыстық салық комитетінің қызметкері пара алғандығы үшін тұтқындалды

Полицияның мәліметіне сәйкес, қызметкер пара алып жатқан жерінде қолға түскен. Салық мекемесіндегі тіркеу жөніндегі құжатты рәсімдеп бергені үшін шенеунік жеке кәсіпкерден теледидармен қоса 100 АҚШ долларын талап еткен.

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.