Петропавлда Солтүстік Қазақстан және Тюмень құтқарушыларының бірлескен жаттығулары өтті

Сценарийге сәйкес, пәтерлердің бірінде газ баллоны жарылған. Сосын үйдің қабырғалары құлап, көптеген адам жарақат алған өртке ұласты.

Телеарнаның хабарлауынша, жарақат алғандарды эвакуациялаған, көптеген от ошақтарын сөндірген, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсеткен кездерде Қазақстан-Ресей командасының жасаған іс-әрекеттеріне жаттығудың жетекшісі СҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марат Мұсабаев жоғары баға берді.

Тюмень облысының Шұғыл әрекет ету қызметінің жетекшісі Александр Плосков журналистерге берген сұхбатында "мұндай бірлескен жаттығулардың қажет екендігі сөзсіз және төтенше жағдайларда зардап шеккендерге көмек көрсету үшін күш пен құралдарды үйлестіруге мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді.