Олар күні-түні Есіл өзенін, жағалауларын, орман алқаптарын тінту үстінде. Алайда еш нәтижие жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, маусымның 25-і атасымен бірге балық аулауға барған 9 жастағы Виктория ағысы қатты өзенге құлап кеткен болатын. Оны іздеуде күш құрылымдарымен қатар қарапайым тұрғындар да белсенділік танытуда.
«Осынша адам көмекке келеді деп ойлаған жоқпыз. Адамдар жер-жерден хабарласып, қолдау көрсетіп жатыр. Бірі керек-жарақ жеткізсе, енді бірі іздестіру шараларына қосылды», дейді ерікті Диана Зайнетдинова.
Облыстық ТЖД бөлімінің бастығы Қанат Баяндиннің айтуынша, іздестіру жұмысын жеңілдету үшін өзен ағысын баяулатуға су торабын уақытша жабылған. «Бұл іздестіру шараларын біршама жеңілдетті. Суға сүңгуірлердің 2 тобы түсті», деді ол.